Тарихи мұра

Құрметті қонақтар ! Тарих сайтына қош келдіңіздер!

 Тарих- жеке адамдардың,  халықтардың мемлекеттердің басынан өткен оқиғалар мен ерлік істері.

Тарих сөзін енгізген арабтар."Тарих" араб тілінен аударғанда "зерттеу","оқиғалар жайындағы әңгімелер" дегенді білдіреді: Жазба тарихтың негізін салушы грек ғалымы Герадот.Оның"Тарих" деген еңбегі бар.Батыс әлемінде "тарих атасы"деп  Геродотты атаса,шығыс елдері "тарих атасы" деп Сыма Цяньды атаған.


Геродот – ежелгі дәуірдегі грек тарихшысы, «тарихтың атасы» деп танылған жиһанкез. Ол шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 484 – 425 жылдары өмір сүрген. Геродот Кіші Азиядағы Каликарнас қаласында дүниеге келіп, жас кезінде әміршілерге қарсы топта болғаны үшін елінен қуылған. Біраз уақыт Самос аралында тұрып, көп жерлерді аралаған, Қара теңізге дейін жеткен деген мәлімет бар. "Тарих атасының" Каликарнас қаласындағы ескерткіші. Геродот көрген, естіген, оқыған материалдарын жинақтап, артына «Тарих» атты үлкен еңбек қалдырды. Кейіннен александриялық ғалымдар оның еңбегін тоғыз музаға сәйкестендіріп, тоғыз кітапқа бөлген. Геродот алғашқы төрт кітабында Лидия, Мидия мемлекеттері, Ахемен әулеті жөнінде жазып, олардың Мысырға, Вавилонға, сақтарға қарсы жорықтарына тоқталады. Қалған бес кітабы грек-парсы соғысына (біздің заманымыздан бұрынғы 500 – 449) арналған. Онда халықтардың тарихымен қатар этнографиясы, діні, әдебиеті, мемлекеттердің ішкі-сыртқы саясаты, экономикасы берілген. Шығарманың төртінші кітабында парсы патшасы Дарий Гистасптың сақтарға қарсы жорығы баяндалған. Онда сақтар елі жөнінде аса құнды мәліметтер ұшырасады. Қолжазбаларының ішінде бізге жеткен Флоренция нұсқасы ағылшын, орыс, т.б. тілдерге аударылған.Уикипедия мәліметі.

"

Сыма Цянь (шамамен б.з.б. 140 – 86 ж.) — ежелгі қытай тарихшысы, әдебиетші. Қытай тарихнамасында іргелі еңбек саналатын "Ши цзидің” ("Тарихи жазбалар”) авторы. Әкесі Сыма Тань Хань әулеті сарайының басты жылнамашысы болған. Сыма Цянь жас кезінде император сарайында күзетшілік қызмет атқара жүріп, ғылыми жұмыспен айналысты. Б.з.б. 108 ж. әкесі қайтыс болған соң үш жылдан кейін, оның орнына императорлық архивке орналасты. Жаңа қызметте ол әкесі жоспарлап, жазуды бастаған қытай тарихындағы аса іргелі еңбекті әрі қарай жалғастырды. Б.з.б. 104 ж. "Тай чу ли” күнтізбесін жасауға ат салысты. Б.з.б. 99 ж. көшпелі сюннулардан жеңіліс тапқан әскери қолбасшыға ара түскені үшін түрмеге қамалды. Зерттеулер Түрмеден шыққан соң, мемлекеттік кеңсенің хатшысы қызметіне тұрып, өзінің негізгі еңбегін б.з.б. 92 ж. жазып бітірді. Бұл шығармада көне замандағы Аңыздарда ғана айтылатын Хуан-ди императордан бастап, замандасы У-ди император билігінің аяқ кезіне дейінгі 24 ғасырлық тарихи оқиғалар баяндалған. Еңбек 130 тараудан тұрады, 528 мың иероглифті қамтиды. "Ши цзи” бес үлкен бөлімнен: әулеттер, текті отбасылар жылнамасы, генеологиялық тізімдер, сондай-ақ дәстүрлер, күнтізбелер, астрономия, экономика, география, суғару жүйелері туралы трактаттар мен көптеген тарихи тұлғалардың өмірбаяндарынан тұрады. Сондай-ақ шығармада Рим, Жерорта теңіз жағалауы елдері, Иран, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдері, т.б. халықтардың тарихи географиялық, этнографиялық, саяси құрылымдары, т.б. туралы мәліметтер мол. Әсіресе, Қытайдың батысындағы көшпелі сюннуларға (ғұндар) айрықша тоқталып өтіп, олардың тұрмысына, салт-дәстүріне, әлеуметтік-саяси, әскери құрылымдарына сипаттама жасайды. Бірақ автор Қытайды қоршап жатқан басқа да халықтармен бірге оларды "жабайылар” етіп көрсетіп, олармен арадағы қарым-қатынасты бұрмалап жазған. Ол Конфуцийдің "Чуньцю” ("Көктем мен күз”) кітабының үлгісімен бүкіл тарихи қолжазбаларды, құжаттарды, мәліметтерді өте мұқият түрде жинақтап отырған. Кейінгі қытай тарихшылары тарихты жазуда Сыма Цянь үлгісін жалғастырды. Сондықтан оны "Қытай тарихының атасы деп атайды. Уикипедия мәліметі. 

Тарих үлкен екі салаға бөлінеді:1.Жекелеген елдер мен мемлекеттер тарихы.2.Жалпы тарих

Тарих 4кезеңге бөлінеді.Олар:1.Ежелгі заман тарихы 2.Орта ғасыр тарихы.3.Жаңа заман  тарихы.4.Қазіргі заман тарихы.

Тарихты кеңірек зерттеуге қосымша пәндер:архелогия,этнография,

нумезматика,ономастика,демография, шежіретану,геральдика көмектеседі

                                                                                          

Тарих куәгері ретінде орта ғасырлардағы замок бізге көптеген мәліметтер береді. Орта ғасырда феодалдық замокқа азық-түлік,киім,еңбек құралдары,қару-жарақ қоры жиналды. Табиғи апат, жұт кезінде феодал да шаруа да осы қорды пайдаланды.Замок мықты бекініс,жау шабуылынан айлақ қорғанатын қамал болды. Замоктар айналаны жақсы бақылайтын жерге,айнала дуалмен қоршалып,су толтырылған ор қазылып салынады.Феодал замогындағы жер асты жолмен орманға,жаудан қашып шығуға болатын еді




[Добавить материал]

31 мамыр ұлттық аза күні немесе саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні.Сталиндік репрессия нәтижесінде жазалауға ұшыраған 101 мың адамның 27 мыңы атылды.Атырау обласы бойынша 11 265 адамның 74-і атылды.
Прикрепления:
Категория: | Просмотров: 4258 | Добавил: надюша | Дата: 17.08.2012 | Комментарии (0)


2 cәуір ғарыш күні ретінде аталып өтіледі. 12 cәуірде1967 жылы алғаш рет ғарышқа адам ұшырылды.Тұңғыш ғарышкер КСРО азаматы Юрий Гагарин болды.XX ғасырдың 50 жылдары Қазақстанда Байқоңыр айлағы іске қосылып,ғарышқа ғарышкерлер Қазақстаннан ұшырылатын болды.Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері:Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда «Союз ТМ 13»кемесімен ғарышқа ұшырылса, Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев 1994 жылы 1 маусымынан 4 қарашасына дейін ғарышта болды.

Прикрепления:
Категория: | Просмотров: 1662 | Добавил: надюша | Дата: 17.08.2012 | Комментарии (0)

... Читать дальше » )?-->
"...қазақтың наурыз - дін мейрамы емес, тұрмыс мейрамы, шаруашылық мейрамы.Бұл мейрамды тұрмыспен, ғылыммен байланыстырып,қоғамға пайдалы игі іс жасайтын,ауыл адамдарын тап жігімен ұйымдастыратын мейрам ету керек."   Мағжан Жұмабаев. 
 Наурыз айын шығыс халықтарының көне күнтүзбесінде Жаңа жыл басы деп санаған.Наурыз сөзінің түп мағынасы иран тілінде "ноу"- жаңа,"руз"- күн деген сөздерден алынып,Жаңа жылдың бірінші күні деген ұғымды білдіреді.Наурыз  табиғ ... Читать дальше »
Прикрепления:
Категория: | Просмотров: 1548 | Добавил: надюша | Дата: 09.08.2012 | Комментарии (0)