Мектеп,ұстаз туралы өлеңдер


Мектебім

Алтын ұя мектебім аялаған,

Бар  балаға білім беріп сая болған.

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,

Жаманға да жақсыға пана болған.

 

Еркелігін  көтеріп әр баланың,

Сусындатып білімнің тұнығынан.

Саған қарыз бар пенде ғаламдағы,

Нәр алып ұшып шыққан қойыныңнан.

     Дариға  Алекеева.

 

Ұстаз

Ұстазым алғаш рет зердемді ашқан

Ынтаңмен бар балаға құшақ ашқан

Үйренсін ,білім алсын балақандар.

Деп ұстаз бізге күнде білім шашқан.

 

Мектебім

Білмегенді үйретеді саралап,

Асып түсер бір сабақтан бір сабақ.

Білген сайын жер дүниенің құпиясын,

Өсіп келеді айымыз да күн санап.

Адамдыққа,адалдыққа тәрбиелеп,

Әндер айттық,тақпақ жаттап,би билеп.

Әр сабақтан алдық біздер сан дерек.

    Ардақтым  Болатова.