1986ж. Желтоқсан оқиғасы
1.1985ж Комунистік партия басшысы М.С.Горбачев КСРО-ның әлеуметтік экономикалық бағытын жеделдету.
2. 1986ж ақпан Компартия 27 сьезі болды.
3. 1987ж қаңтарда қайта құру жүргізілді.
4. Қазақстан партия ұйымын 40жыл басқарған Д.А.Қонаев
5. 1986ж 16 желтоқсанда Компартия Орт. Комитетінің хатшысы Г.Разумовский Қонаевтың орнына Колбинді сайлауды ұсынды. Генадий Колбин Ульяновск облыстық комитеттін басқарған, одан бұрын Грузияда партия ұйымынның 1-ші хатшысы болды.
6. 1986ж 16 желтоқсанда Брежнев атындағы алаңда (қазіргі Республика алаңында) студенттермен жұмысшы жастар бейбіт шеруге шықты.
7. 18 желтоқсанда әскери училище жеке құрамасы енгізілді. Әсіресе Қауіпсіздік комитет шекара училищесінің курсанттары қатыгездік көрсетті.
8. 1986ж желтоқсан оқиғасының тексеру комиссиясы Мұхтар Шаханов.
9. Желтоқсан оқиғасына қатысқан 8500-ге жуық адам ұсталды,жазаланды. 1720 адам жарақат алды. 1200 адам жұмыстан шығарылды. 12 ЖОО ректорлары орнынан түсті. 246 студент оқудан шығарылды. 99 адам сотталды. 2 адам өлім жазасына кесілді.
10. Қайрат Рысқұлбеков – ақын, жасақшы Савицкийді өлтірді деп айып тағылды.
11. «Бұрқасын-86» құпия жедел жоспарды үкімет құрды.
12. Жастарға «ұлтшылдық»,» қылмыстық әрекет» деп айып тағылды.
13. Кәсіпорындарда темір таяқтармен ,шынжырмен қаруланған 16 мың адам тұратын орыс славян ұлтынан құралған топтар болды.
Қазақстан 80-90жж
1. 1.1989ж маусымда Қазақстан Компартия Орт.Ком. 1-хатшысы Н. Назарбаев болды.
2. 2.1989ж 22қыркүйекте «Қазақ КСР-гі тілдер туралы Қазақ КСР-ң заңын» Жоғарғы Кеңесі қабылдады. Мемлекеттік тіл- қазақ тілі, ұлтаралық қатынас тілі – орыс тілі болды.
3. 3.1990ж маусым мен 1991ж маусым аралығында 1жылда қазақ тілінде тәлім беретін 482 балабақша,155 мектеп, 4 кәсіптік училище құрылды.
4. 4.1988 ж Қазақстан Компартия Орт. Ком. Қаулысымен 1930-50жж жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялыларының бір тобы ақталды. Олар: ақын,философ Шәкәрім Құдайбердіұлы(1858-1931), жазушы әрі ғалым Жүсіпбек Аймауытов(1889-1931), жазушы, педагог Міржақып Дулатұлы(1885-1935), тіл,әдебиет, саясат,ғылым, журналистика саласында мол мұра қалдырған Ахмет Байтұрсынұлы(1873-1937), атақты ақын, белгілі саясатшы, педагог Мағжан Жұмабаев(1893-1938)
5. 5.Баспасөз бетіне өмірі қызметі жарияланған мәдени қайраткерлер Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Мұстафа Шоқай, Құдайберген Жұбанов.
6. 6.Кеңес Одағы Ауғанстаннан әскерін 1989ж алып кетті (1979-1989ж)
7. 7.1991ж Прагада Варшава шарты ұйымы таратылды (1955-1991ж) НАТО- капиталистік ұйымы 1949ж құрылды.
8. 8.1989ж КСРО Халық депутатының 1 сьезі болды.
9. 9.1989ж 28 ақпанда антиядролық экологиялық қозғалыс Невада-Семей болды.,жетекшісі Олжас Сүлейменов.Мақсаты: Семей ядролық полигонын жабу. 5-5 формуласы- әлемдегі ірі полигондардың бәрін жабу.
10. 10.1990 ж жазда «Азат» азаматтық қозғалыс құрылды. Арманы- Қазақстан егемендігін алу.
11. 11.1990ж қоғамдық бірлестіктер саны-100.
12. 12.1991ж масымда «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» заңы қабылданды.
13. 13.1989ж шілдеде Қарағандыда ереуіл болды. КСРО көмір өнекәсіп министрі Шадов келді.
14. 14.1989ж маусым Жаңаөзен оқиғасы. Себебі: Әлеуметтік мәселелер шешілмеді.
15. 15.Академик Сахаров Одақтас Респуб. Егемендігін шектеуден бас тартуға, оларды еркіне жіберу туралы пікір айтты.
16. 16.1988ж Респ. Сыртқа-6,7 млрд. Сомның өнімі шығарылды, сырттан әкелінді-13,8 млрд. Сомның өнімі Шетке шығарылған өнім(экспорт)- шикізат және жартылай дайын өнім,ал сырттан әкелінген(импорт) – дайын қымбат өнімдер
17. 17.1991ж Респ. Кәсіпорындарының 11% құрайтын 533 зауыт пен фабрика зиянмен шықты.
18. 18.1980ж экспортқа 97 % шикізаттар, материалдар, жартылай дайын өнім.
19. 19.Қазақстан өкіметі «Қазақ КСР-нің еркін экономикалық аймақ туралы»,»Қазақ КСР-нің шетел инвестициялары туралы» заңдары қабылданды.
20. 20.1990ж қараша Сауд Арабиясымен біріккен»Әл-Баракка Банк Қазақстан» банкісі құрылды.
Корея Респу.-сы Самсунг корпорациясымен байланыс орнады. Оңт. Корея Алматыда өз ресторанын ашты.
21. Қытаймен сауда байланысы Алматы-Үрімші әуе қатынасы, Жаркент-Инин автобус қатынасы болды.
22. 21.24 елдің қатысуымен 35 біріккен кәсіпорын тіркелді.
23. 22.Шетел инвестициясын 5 жылға салықтан босатылды.
1.1990ж сәуірде Қазақ КСР-нің тұңғыш президенті- Н.Ә.Назарбаев болды.
2.1990ж 25 қазанда Қазақ КСР-нің Егемендігі туралы декларация қабылданды. 25 қазан республика күні деп аталды.
3. 1991ж КСРО-да Тамыз бүлігі болды. Мәскеуде ТЖМК (Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет) құрылды.
4.1991ж 23 тамызда Назарбаев Компартия Орт. Комитетінің саяси бюросынан шығады.
5. 1991ж 7 қыркүйекте Қазақстан Компартиясы тарайды., оның орнына Социалистік партия құралады.
6.1991ж 17 наурызда референдум болып халықтың 94,1% одақты сақтау керек деп дауыс береді.
7. 1991ж 8 желтоқсанда Минскіде 3 славян мемлекеті(Беларусия, Ресей, Украина) Тәуелсіз Мемлекеттер Одағы (ТМО) құрылғандарын жарияланды. 1991ж 13 желтоқсан Ашхабатта Орта Азия Респ. мен Қазақстан басшылары жиналып Минскідегі шешімді жақтайтындығын білдірді. 1991ж 21 желтоқсан Алматыда 11 Тәуелсіз мемлекет ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) құрылғандығын жарияланды.
8. А.Солженицын «Біз Ресейді қалай көркейтеміз?» мақаласы шықты. Мақалада солтүстік облыстарды Ресейге қосу туралы пікір айтылды.
9. 1991ж 10 желтоқсанда Қазақ КСР қазақстан Республикасы деп аталды.
10. Н.Назарбаев 1960ж Қарағанды обл. Теміртау қаласында жұмысшы болып істеді. Назарбаев туған жылы-1940ж 1984ж Министрлер Кеңестері төрағасы болды.
11. 1991 ж 16 желтоқсан Қазақстан Респуб.-ң мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды., 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні деп аталады.
12. 17 желтоқсан Демократиялық жаңару күні деп аталады.
13. Қазақ халқы патша отаршылдарымен большевиктерге қарсы – 400-ге жуық көтеріліс жасады.
14. 1992 ж 2 наурызда Қазақстан БҰҰ ұйымына мүше болды.
Тәуелсіз Қазақстан.
1. 1992ж шілдеде ҚР Ұлттық Қауіпсіздік органдары туралы және»ҚР ішкі істер әскерлері туралы», 1992ж желтоқсан « ҚР Қорғанысы мен қарулы күштер туралы» заңдар қабылданды.
2. 1992ж 2 шілде «ҚР Конститутциялық сотының сайлау туралы», « ҚР Жоғарғы Кеңесінің» қаулысы шықты.
3. 1992ж маусым Тәуелсіз Қазақстанның елтаңбасы мен туы қабылданды. 1992ж желтоқсан әнұран мәтіні бекітілді. 2006ж 7 қаңтар рәміздер туралы жарлыққа өзгеріз енгізілді. Ән ұран мәтіні бекітілді. Әні: Шәмші Қалдаяқов. Сөзі: Жұмекен Нәжмиденов, Нұрсұлтан Назарбаев. «Менің Қазақстаным» өлеңі.
4. ҚР Тәуелсіз тұңғыш конститутциясы 1993ж 28 қаңтарда қабылданды. 4 бөлім, 21 тарау,131 бап
5. 1995ж 30 тамыз ҚР Конститутциясы(қазіргі) 9 бөлім, 98 бап.
6. Халық- мемлекттік биліктің қайнар көзі.
7. 1993ж күзде жергілікті Кеңестер өзін-өзі тарата бастады.
8. Жоғарғы Кеңестің төреағасы С. Әбделдин 1993ж 13желтоқсан Жоғарғы Кеңестің таратылатындығын ресми түрде жариялады.
9. 1993 ж 9 желтоқсан ҚР Сайлау туралы кодексін қабылдау туралы жарлыққа президент қол қойды.
10. 1993ж ақпанда Қазақстан халық бірлігі Одағы (ҚХБО) қоғамдық бірлестігі пайда болды.
11. 1993ж ресми 3 саяси партия тіркелді.1) Социалистік партия 2) Қазақстан Республикалық партия.3) Қазақстан халық Конгрес партиясы.
12. 1993ж соңында қоғамдық бірлестіктердің жалпы саны – 300
13. 1994ж 19 сәуірде кәсіпқой парламент жұмысын бастады төрағасы Әбіш Кекілбаев. Ол 1995 ж көктемде таратылды.
14. 1995 ж 26 сәуірде референдум өтті. Референдум қатысушыларына сұрақ : «Сіз 1991 жылы 1-ші желтоқсанда бүкіл халық сайлаған ҚР президенті Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуға келісесіз бе?»
15. 1995ж Қазақстан парламентті 2 палата:1) сенат 2) мәжіліс тұрады.
16. 1997 ж 7 мамыр Респ. Президент жарлығы мен қорғаныс министрлігі құрылды. Алғашқы қорғаныс министрі ген. Лейтенант Сағадат Нұрмухамедов тағайындалды.
17. 1992ж 6 қаңтар Қазақстанда бағаны еркіне жіберу туралы жарлық шықты.
18. 1992 ж астық рекорды – 33 млн тонна өнім жиналды.
19. 1993 ж 15 қараша ұлттық волюта теңге шықты.
20. 1991 ж мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру бағдарламасы жасалынды. Ол 1992 ж басталды. 1993 ж соңында жекешелендірудің 1-ші кезеңі аяқталды., 1994ж көктемінде жекшелендірудің 2-ші кезеңі басталды.
21. 1998ж 1 қаңтардан бастап зейнетақы туралы заң шықты, зейнетақы қорына қаржы жинау.
22. 1991ж 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздікке қолы жетті, 1991 ж аяғында екі апта ішінде Қазақстан тәуелсіздігін 18 ел таныды. Олар:Түркия,АҚШ,Қытай;Германия,Пәкістан т.б. Тәуелсіздіктің алғашқы жылында 108 мемлекет таныған, 70 елдің дипломатикалық елшіліктері ел астанасында болды
23. 1992ж 8 шілде Финляндия астанасы Хелсинкиде Европадағы Қауіпсіздік Кеңесінің қортынды актісіне Н.Ә.Назарбаев қол қойды
24. 1992ж 25 мамыр Мәскеуде Ресеймен Достық ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойды.
25. 1996ж 26 сәуір Қытайдың Шанхай қаласында 5 мемлекет : Қазақстан,Қырғыстан, Қытай,Ресей,Тәжікстан «Шанхай бестігі» кейін «Шанхай ынтымақтастық» ұйымы (ШЫҰ) құрылды. Мәскеуде(1997ж),Алматыда (1998ж) Бішкек(1999) кездесу болды.
26. Қазақстан мен Қытай арасындағы даулы 1000 шақырым жер 57% –і Қазақстанға, 43% Қытайға жатады деп шешеді.
27. Болашақ бағдарламасы(2007ж бастап) бойынша 3 мыңдай студент шетелде білім алады.
28. 1) 1997 ж - «Жалпы ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы»2) 1998 жыл «Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы», 3)1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» 4)2000жыл «Мәдениет жылы» 5)2002жыл «Денсаулық жылы»6) 2003-2005 жылдар «Ауылды дамыту жылы»
29. 2005-2006 жж Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының 1-2 құрылтайы өтті. Оған 20 астам елдер 40 өкілі қатысты.
30. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы : 1-ші құрылтайы 1992ж қыркүйек Алматы. Халифа Алтай ашты 2-ші құрылтай 2002ж Түркістан қаласында болды. 3-ші құрылтай 2005 ж Астанада болды. 33 ел қатысты. Нәтижесінде «Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы» ұйымы құрылды.