Тарих
Қызыл қан мен
Көз жастан құралады.
Өзекті өртер өксікті ашып айтпай,
Келе жатыр
Айырылмай мұнар әлі.
Қайран шындық қанша рет тұралады.
О, тәңір-ай,әлдекім тарих десе.
Көз алдыма келтірем мұнараны.
Кавказдағы шыңдардың біріндегі,
Күнді бағып көзі оның ілінбеді.
Сол мұнара секілді біздің тарих,
Құдіретке бас иіп күлімдеді.
Қалған шындық құдірет тасасында,
Сәті түсіп сырыңды ашасың ба.
Бет-бейнеңді мәңгілік өзгерттің бе,
Ұлылықтардың айналып асасына.
Біздің тарих шиырлы,бұралаңды,
Қызыл қан мен
Көз жастан құралады.
Өзекті өртер өксікті ашып айтпай,
Келе жатыр айырылмай мұнар әлі.
Сүлеймен Баязитов
Көнбейді тарих бос сөзге,
Халықтың жолы – қиын жол
Беттері оның бір кезде
Малынған қанға оның мол
Ойсыз да жадсыз сүйгендік,
Еркіндік болар жолын қор.
Ақын Ярослав Смеляков.
Махамбет алтын бесігім.
үзінді
Қазақтың хандар ордасы,
Сарайшық - тарих бесігі.
Көсілген "Жібек жолында",
Керуен сарай есігі.
Бағытжан Рамазанұлы.
Ескерткіш алдындағы оқиға.
үзінді
Тарихта қалған аттары,
Өшпейтін өлең - хаттары,
"Елім"деп зарлап жүргенде
Қиянат көрген бастары.
Сарбаздарың болады.
Аманжол Наурызбаев.
Тұран
Тамырымда қайнаған қан сыр шертеді тарихтан,
Үйренген жоқ ол тарихты кітаптан не халықтан.
Жүрегіммен тыңдап барлық құпиясын елімнің,
Нәсілімнің асылдығын біліп түгел қанныққам.
Жүрек жазған шежірені жаттаудан еш жалықпан!
Атилла мен Шыңғыс сырын қаламменен жазбаған,
Қылыштары ұшқын шашып,тарих жырын маздаған.
Нелер ұлы даналарды көлеңкеде қалдырып,
Тек Цезарь мен Ескендірді алып шықты қазбадан!
Тамырымда жүрді шарлап,даңқы Оғыз бабамның,
Ол бір асқақ тұлғасы еді мынау жалпақ ғаламның
Түркияда,Түркістанда жаттар Оғыз ұранын,
Ол ұраным - ұлы Отаным- шетсіз,шексіз Тұраным!
Стамбул университетінің профессоры Зия Гокалп
Аңырақай тағылымы
Үзінді
Ей, жас ұрпақ,жауқазыным,көктемім!
Беймәлім бе,саған менің өткенім,
Білесің бе,халқын азап шеккеін,
Арпалысып өтті ме олар теп- тегін?
«Елім - айды» құлағыңа ілдің бе,
Сырым неге көтерілді,білдің бе?
Мансұқ етіп еліктірген ермекті
Тарихыңның қойнауына кірдің бе?
Не жетпеді Кенесары тарланға,
Не үшін өлді ер Исатай арманда,
Алаш үшін жанын қиған боздақтар
Сатты ма олар Ұлт намысын арзанға?
Шаттанғанда туды ғой деп азат күн
Неткен аштық қырып салған қазақты.
Ел басына кімдер әкеп төңкерді.
Отызыншы жылдардағы азапты?
Тастатпауға бүкіл ұлтты күресуге,
Өз елінде жүрмеу үшін бүрсеңдеп,
Желтоқсанда көтерілген жас ұлан
Тәуелсіздік жаршысы олар.
Біл сен де!
Махамбет Оңдағани