Тарих туралы ой - пікір



Тарихтың басты міндеті – ізгілікті істер туралы үндемей қалмау және жаман әрекеттер мен ақылсыз сөздер арқылы болашақ ұрпақтар алдында масқара болмау деп санаймын. 

Тацит

 Тарих – дәуірлердің куәгері,шындықтың шырайы,есте қалар өмір,өткен күннің іздері 

Цицерон. 

 Тарих-бұл тек арғы күнгі,кешегі күн ғана емес,бүгінгіміз де.Өткенді жақсы біле тұрып, біз қазіргіні де жақсы түсінеміз және болашақты да көз алдымызға елестете аламыз.

Т.И.Гончарова.

 Қай халықтың болса да ең маңызды ескерткіші-оның тарихы.

Ғалым Ахмедов.

 Тарихқа үңілу-ақиқатты танудың құралы.Бірақ бұл ақиқат бір жақты емес. Тарих сабақтары оқушылардың өткен кезеңдердің ұлы істерін басынан кешіріп,саралауына,өткендегі игі жақсының бәрін пайдалануына көмектесуге бағытталады.

Т.И.Гончарова. 

 Өткенге ілтипат-парасатты тұрпайылықтан ажырататын белгі

А.С.Пушкин. 

Дүниежүзілік тарих-сайып келгенде ұлы адамдардың тарихы болып табылады

Т.Карлейль.

Тамырсыз ағаш,тарихсыз халық болмайды.

Халық даналығы

Тарих үні өктем,алауы мәңгілік маздақ. Оның тылсымы шексіз,сабағы жұмбақ болған сайын,ынтызар ете түседі өзіне.

Қайсар Әли

Тарихсыз ел -ессіз ел.

Салық Зиманов

Тілінен айрылған ұлт- тарихынан,түптамырынан айрылған ұлт.

Шерхан Мұртаза

Тарих -ертегі емес,сәл бұрмалап бопсаласаң шырылдап жылайтын, обал- сауабы өте ауыр ақиқат.Шындық қана емес,ақиқат.

 Мейрхан Ақдәулет,ақын

Тарих өткен өмірді сөз еткенімен бүгінгі және болашаққа қызмет етеді.

Тарақты Ақселеу

Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері,тарихы,тұрмысы,мінезі айнадай ашық көрініп тұрады.

Мағжан Жұмабаев.

...Қоғамда ,адамда тарихпен тәрбиеленеді.Кемелдікке қоғамда,адамда өткен тарихтан тағылым алып барып жетеді.

Мәмбеткәрім Қожырбайұлы

Тарих тек өз кезеңі тұрғысынан қарасаң ғана сырын ашатын тылысым жұмбақ.

Әбіш Кекілбайұлы

Тарихсыз ел- мәңгүрт ел.

Салық Зиманов                                                                      

Тау шайқалса да тарих шайқалмайды.

Нұрсұлтан Назарбаев.

Өткенді -жанды мәдени тарихмызды білмей,тарих тағлымын алмай,бүгін де,ертең де ілгері баса алмаймыз.

Сұлтан Шәді Жиhангеров.

Еліміздің егемендігі  мен тәуелсіздігін нығайтудың маңызды факторы мемлекеттік идеологияны,оның іргетасы- обьективті тарихи сапаны қалыптастыру екендігі баршаға мәлім. Өткеніміздің тарихи тағылымдарын дұрыс таразылап, одан тиісті сабақ алмай, қоғамның алға жылжуы мүмкін емес.

 Серік Мәшімбаев,тарих ғылымының докторы.

Тарих- өткенге сабақ,келешекке өнеге.

Тарихты миллиондар жасайды.Тарихты белгілі бір жеке тұлғаның атына байланыстырып жазуға,жеке бір адамға бейімдеп жазуға болмайды.

 Батырхан Дәрімбет ,қоғам қайраткері,журналист

Халықтың өткен тарихын зерделеудің зәрулігі -түсіндіріп жатуды қажет етпейтін құбылыс.

  Нұрлан Дулатбеков,профессор.

Қаншама «Елазады,жер тозады» дегенмен сан ғасыр бойы бұл екеуін де аздырмай келген, сол жолда жан аямай қырқысқан ата- бабалар тарихы,біздің аса бай батырлық эпос,дастанымыз баршаға аян.

 Ғабу Қайырбеков

Тілі мен тарихын құндамаған халық қор болады.

Өз тарихын,өткенін білмейтін халық және соның қай жерде кіммен жалғасып, қай жерде, кіммен тамырласып, тоқайласатынын білмейтін халық түбінде - өліп тынатын халық.

...араб тілін білмеу- біздің бүкіл тарихымыздың кіндігін өз қолымен отап,өз қолымызбен кесіп тастау деген сөз.

Әбділда Тәжібаев.

Дүниеде тарихқа мән беруден Қытайдан асқан халық жоқ.

Салық Зиманов

Батыс Қазақстан тарихы,әлеуметтік,рухани,мәдени байлығы- барлық қазақтар үшін алтын бесік.

Өзбекәлі Жәнібекұлы.

Тарихи зердесі шынайы қалыптасады.

Мейрхан Ақдәулетұлы,ақын

Тарих ғылымының ерекшелігі ғылым мен саясаттың астасуы негізінде аса күрделі түйіндерді тудырады.

Академик Зұлқарнай Алдамжаров.

Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық,біресе құйындай екпінді тарихы,сары далада үдере көшкен тұрмысы,асықпайтын,саспайтын сабырлы мінезі- бәрі көрініп тұр.

Мағжан Жұмабаев