Ердің атын ел шығарады,елдің атын ер шығарады.
Халық даналығы
Елінен айрылған ер бақытсыз,
жерінен айрылған ел бақытсыз.
Әйтеке би
...Ат жігіттің майданы,
Қылыш жанның дәрмені,
Өлім хақтың пәрмені ...
Махамбет
Өткен күн таң -тамаша ертегі ғой,
Ерлері ертегінің өрт еді ғой.
Мағжан Жұмабаев
Елге еңбегі сіңген ер қымбат.Ердің елге бағасы қаны бір болуда емес,жаны бір болуда, қуанышы -қайғысы ортақ болуда.
Мағжан Жұмабаев
Елдіктің өзегі- білік,кілті- тіл,қадір- қасиеті -кісілік.
Жүсіп Баласағұн
Елдік ісін бектің бәрі біледі,
Заң,саясат,салтты олар түзеді.
Жүсіп Баласағұн
Жігіттік,ерлікті айтсаң
Бөгенбайды айт!
Тәтіқара жырау
Ердің туы-намыс.
Бауыржан Момышұлы
Ежелден ел тілегі ер тілегі
Адал ұл ер боп туса- ел тірегі
Бауыржан Момышұлы
Өз қадірін білмеген- ер қадірін білмейді
Ер қадірін білмеген- ел қадірін білмейді
Бауыржан Момышұлы
...Батыл адамдармен дос болдым,себебі,Алла тағаланың өзі де ержүректерді ұнатқан ғой.
Ақсақ Темір
Ер сүрінбей,ел танымас.
Ат сүрінбей,жер танымас
Халық даналығы
Ер жігіттің төрт жұрты бар,
Ұлты- біреу ақ.
Ел болса ер туғызбай тұра алмайды.
Өсер елдің арманы көп,
Өшер елдің жанжалы көп.
Ердің Еділ тобығынан келмейді,
Қорқақ қаққа шөгіп өледі.
Халық даналығы.
Таяқтан тайсалмасаң,
Семсерден сескенбесең,
Жеңдім дей бер.
Бұқсаң- сұқты,
Тығылсаң -тықты,
Именсең- езді
Өлдім дей бер.
Тізе бүгіп тірі жүргеннен,
Тік тұрып өлген артық.
Елсіз ер бола ма?
Жұртсыз жігіт бола ма?
Ерлік- елдің қасиеті
Жүректілік- жігіттің қасиеті.
Халық даналығы.