Тәрбие басы-тіл.
М.Қашқари.
Әдептің басы-тіл.
А.Иүгенеки.
Сыпайылық-даналықтың белгісі.
Мұхамбет пайғамбар.
Атадан-өсиет;анадан-қасиет.
Халық даналығы
Әркімнің қателесуі мүмкін,ал оны мойындамау-тек ақымақтың ісі.
Цицерон
Жолдастықтан асқан қасиетті дәнекер жоқ.
Н.В.Гоголь
Ұл тәрбиелей отырып,халықты тәрбиелейміз,қыз тәрбиелей отырып,ұлт тәрбиелейміз.
М.Әуезов.
Әйел-ана бір қолымен бала тербетсе,бір қолымен әлемді тербетеді.
М.Әуезов.
Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес,өскен орта,алған үлгі,өнеге білетіндігінен және түзелу,бұзылу жас уақытта болады.
М.Әуезов.
Тәрбиесін тапса адам болар,оқуын тапса білім қонар.
Халық даналығы
Танымның үш жолы бар:ең оңайы еліктеу,ең ащысы-тәжрибе,ең мәртебелісі-ойлау.
Конфуций
Жаманмен жолдас болсаң,жаласына қаласың.
Наданмен жолдас болсаң,бәлесіне қаласың.
Халық даналығы
Ғалыммен жақын болсаң,қолың жетер,
Залыммен жақын болсаң ,басың кетер.
Халық даналығы
Бала тәрбиелеу-баланы теледидар көрмейтіндей,көрсе декөргенін қабылдамайтындай етіп қалыптастыру.
Маршал Маклюэн,ғалым
Тәрбиенің мақсаты-балаларымызды бізсіз де күн көре алатындай етіп оқытуымыз керек.
Эрнст Легувс,жазушы
Ұлың өссе-ұлықтымен,қызың өссе- қылықтымен ауыл бол.
Халық даналығы
өмірде жаман адам болмайды, тек тілін таба біл.
Халық даналығы
Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды.
Ян Амос Коменский
Тәртіп- тән үшін,ынтымақ-жан үшін керек.
Халық даналығы
Тәртіпке бас иген-құл болмайды,
Тәртіпсіз –ер болмайды.
Халық даналығы
Өзін өзі сыйлайтын адам,өзгенің үстінен сөз айтпайды. Ал өзін-өзі сыйлай алмайтын адам өзгені сыйлап қайтеді.
Жақсылыққа жерік кісі-уәдеге берік кісі.
Халық даналығы
Жақсылық таудың басында,жамандық табан астында.
Халық даналығы
Әлсіз мінез-құлықтан өткен сорақылық жоқ. Табиғат әрбір биязы денеге: тасбақаға тас қабық,кірпіге тікенектерқжыланға у мен ұсқынсыздық қорғаныс тосқауылын берді,бірақ мінез-құлқы биязы адамның қорғаны болмайды.
М.Шагинян.
Бір түп раушан өсіріп,алғашқы гүлдің қуанышына бөленудің,гүлді адамға беріп,сол сәттен толғанысты бастан кешудің,жаңа адамды тәрбиелеудегі маңызы,егістік жерді жыртумен,астық өсірумен,ащы тер мен алақандағы күсті және еңберақатын танумен бірдей.
В.А.Сухомлинский
Балалық шақтағы,есею және ерте жастық кездердегі еңбекпен шұғылданған өмір адамның дене бітімінің дұрыс қалыптасуының маңызды бір шарты.
В.А.Сухомлинский.
Еңбектегі табыс-бұл табысқа жеткен адамның мақтанышы.Өз еңбегін мақтан тұтпаған нағыз адам бола алмайды.
В.А.Сухомлинский
Бала өмірінде ойынның маңызы зор,ол ересектердің қызметінде, жүмысында,қызмет бабыфнда қандай мәнге ие болса,мұнда да сондай мәнге ие болады.Бала ойнағанда қандай болса,есейгенде жұмыста да көп ретте сондай болады.Сондықтан да болашақ қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойында басталады.
А.С.Макаренко
Жасында әдеп үйренбеген кісі ден,өскен соң қайран жоқ.
С.Саран
Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ.
С.Саран
Баланың балалығын тыйдым дегенше ер жеткендегі даналығын тыйдым деңіз.
Ж.Ж.Руссо
Даналардан шыққан сөз.жинастырған Ұлықман Асылов.
Тәрбиешінің өзі тәрбиеленген болуға тиіс.
К.Маркс
Өзінің балалық шағын ұмытқан тәрбиеші- нашар тәрбиеші.
Энвер-Эшенбах
Жасында торай болғаннан үлкейгенде шошқа шығады.
В.В.Маяковский
Тәрбие-адам тағдырын шешетін ұлы іс.
В.Г.Белинский
...баланы сүйе білуге үйрету-өмірдегі ең маңызды нәрсеге үйрету деген сөз.
В.А.Сухомлинский
Біздің балалар-біздің қарттығымыз.Жаман тәрбие-болашақтағы қайғымыз,бұл-біздің көз жасымыз,бұл-басқалар алдындағы,бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәмыз.
А.С.Макаренко
Анағұрлым қиын тиетін қайта тірбиелеу жұмысына оралмау үшін әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек.
А.С.Макаренко
...Баланы өмірдің өзінен қорғауға болмайды.
А.С.Макаренко
Егер мен адам-тәрбиенің нәтижесі дегенді дәлелдей алсам,онда сөз жоқ,барша халыққа ұлы шындықты ашып берген болар едім.
К.Гельвеций
Өнер біткеннің барлығы сияқты,тәрбие өнері де табиғаттың кемістігін толтыруды мақсат етеді.
Аристотель
Тәрбиелі-тәртіптің құлы.
Б.Момышұлы
Тәрбие біздің жүрегімізге ең алдымен жеке адамға да,қоғамға да пайдалы әдеттердің ұрығын себуі керек.
К.Гельвеций
Тәрбие дегеніміз-тәрбиеленушілерді белгілі бір адамгершілік дағдыларын меңгеруге көндіру мақсатымен бірадамның екінші адамға жасайтын ықпалы.
Л.Н.Толстой
Жетілмегендер тәрбиені керек етеді.Бірақ тәрбие дегеніміз-адамдық іс,демек,жетілмеген іс емес пе?Тәрбиешінің өзі тәрбиеленуді керек етпей ме екен?
К.Марс
Жақсы семьяда жазалау деген атымен болмайды.Ал бұл-семья тәрбиесінің ең дұрыс жолы.
А.С.Макаренко
Менің бүкіл өмірімді ұзыннан-ұзаққа созылған тәрбие алу барысы деуге болар еді.
К.Гельвеций
Топастықтың екі түрі бар:бірі-туа біткен,екіншісі-тәрбие еккен топастық.
К.Гельвеций
Балаларды тәрбиелеу-еңбек әрі борыш.
Ф.М.Достоевский
Көргенін,білгенін айтпаса,аға кінәлы.
Платон
Балаң ақылды әрі есті болсын десең,дені сау,мықты етіп өсір.Олжұмыс істесің,әрекеттенсін,жүгірсін,айқайласын,тынымсыз қимыл үстінде болсын.
Ж-Ж.Руссо