Главная » 2012 » Август » 9 » 22 наурыз
15:49
22 наурыз
"...қазақтың наурыз - дін мейрамы емес, тұрмыс мейрамы, шаруашылық мейрамы.Бұл мейрамды тұрмыспен, ғылыммен байланыстырып,қоғамға пайдалы игі іс жасайтын,ауыл адамдарын тап жігімен ұйымдастыратын мейрам ету керек."   Мағжан Жұмабаев. 
 Наурыз айын шығыс халықтарының көне күнтүзбесінде Жаңа жыл басы деп санаған.Наурыз сөзінің түп мағынасы иран тілінде "ноу"- жаңа,"руз"- күн деген сөздерден алынып,Жаңа жылдың бірінші күні деген ұғымды білдіреді.Наурыз  табиғатта болатын маусымдық өзгеріс пен күн мен түннің көктемгі тең келуімен тікелей сәйкес келеді.Наурыз күні жақсылық пен жамандықтың,күн мен түннің,суық пен жылының,қайрымдылық пен қатігездіктің,қыс пен жаздың бір - бірімен тартысының күні деп есептелініп,алдағы уақыт табиғатқа да және адам баласының өзіне де құт - береке,ырыс қазына, жалпы жақсылық орын ала бастаған күн деп түсінілген.Сондықтан халық оны Ұлыстың Ұлы күні деп атаған.

Көктем жетті көл - көсір шуақ қуып,

Қыс барады қиылып жылап тұрып.

Шатырында үйлердің Наурыз жүр

Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

   М.Мақатаев

Просмотров: 1551 | Добавил: надюша | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: