Каталог статей
Главная » Статьи » Мои статьи |
Санжар Асфендиаров
Асфендиаров Санжар Сейітржапарұлы (20.10.1889, Ташкент –25.02.1938, Алматы) – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды ғалым-тарихшы, профессор, педагог. Әкесі Сейітжапар (Жағыпар, Сейітжағыпар) –сұлтан, Әбілқайыр ханның үлкен ұлы Айшуақ ханның ұрпағынан тараған патша әскерінің полковнигі шенінде отставкаға шыққан, жарты ғасырдан астам уақыт Түркістан өлкесінде қызмет еткен қазақ қайраткері, анасының есімі – Гүландам Қасымова (кейбір гипотезалар бойынша Кенесары Қасымовтың ұрпақтарынан тараған). Ташкенттегі реалдық училищені(1907), Петербургтағы әскери- дәрігерлік академияны 1912 жылы бітіріп шығады. Санжар онда әскери министрліктін теңіз ведомствосының стипендиясына оқып, 4 жыл қатардағы әскерде қызмет етуге міндеттелінді. Санжар өз әскери-медициналық қызметін Түркістан генерал-губернаторлығы мен Бұқара әмірлігінің шекарасындағы Термез мекенінде жергілікті лазаретте кіші дәрігер ретінде бастап, 10-шы Түркістан атқыштар полкына бекітілді.Источник: http://Уикипедия | |
Просмотров: 961 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 1 | ||
| ||