Блог

Главная » 2012 » Июль » 17 » Атырау тарихы 1
23:14
Атырау тарихы 1

Қала жеріндегі белгілі тұңғыш тұрақты қоныс — қазіргі «Орбита» стансасы қасындағы Алтын Орда кезеңіндегі болған Лаэти асары. Ноғай Ордасы кезеңінде балықшылардың тұрақты Үйшік қонысы Жайық өзені сағасында орналасқан.Казак-орыстар жаулап ала бастағанда 1640 ж. Яицкий городок аталған қалашық салынған. Жайықтың жоғарысында Верхний Яицкий городок (қазіргі Орал қаласы) деген қалашық салынғасын, Нижний Яицкий городок деп аталып кеткен, соңынан ол — Усть-Яицкий городок.Ресей ханшайымы Екатерина II Яик өзенін (Жайықтың орысша атауы) Урал деп атауын жарлығымен бекіткенде, қаланың атауы Гурьев городок, Гурьев деп өзгертілген.1920 жж. қысқа уақытқа большевиктер Гурьевті Чапаев деп қайта атаған.1992 ж. бері қала атауы — Атырау. Бұрын атырау[2] деп Махамбет ауданындағы топырақтар аталған 1640 жылы патша үкіметі ағайынды Гурьевтерге қалашық салуға рұқсат етеді. Қала үлкен қиындықтармен 1662 жылы салынып бітеді де, патша жарлығымен Гурьев аталады. Жергілікті қазақтар оны Үйшік деген. 1865 жылы уездік қала болды. 1917 жылға дейін және одан кейінгі 15 жыл бойы Орал әскери облысының, 1925 жылдан Бөкей губерниясындағы Гурьев уезінің, 1929 жылы Гурьев округіның, 1930 жылы аудан, 1938 жылғы қаңтар айының 15-інен облыс орталығы. 1992 жылы ақпан айының 21-і күні ҚР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Гурьев облысын Атырау облысы, Гурьев қаласын Атырау қаласы деп атау жөнінде қаулы қабылдады. Қала елеулі тарихи, саяси оқиғалардың орталығы болды. 1916 жылы Гурьев уезіндегі Өтепқали Исатаев бастаған толқу Қазан төңкерісіне ұласты. Азамат соғысы кезінде шетелдіктер мен ақ казактар қаланы өзінің тірек базасы ретінде пайдаланды.Ғасырлар бойы болашақ Гурьев қаласының орнын Хвалын (Каспийдің бұрынғы атауы) теңізінің көк бұйра толқындары шайып жатқан.Каспий теңізінің суы бірте-бірте тартыла келе, оңтүстікке қарай шегініп,теңізге құяр Жайық өзенінің жағалауына алғашқы күнкөріс іздеуші қоныстанушылар Х-ХІІ ғасырлардың өзінен бастап келе бастаған. Уикипедия мәліметі

Просмотров: 1187 | Добавил: надюша | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: