Әкімшілік бөлінуі :Қалаға бағынышты Балықшы кенті мен Жұмыскер кенті, бұрыңғы
Балықшы ауданы 1990 жж. ортасында қалаға қосылғасын, ауылды мекендер де бар.Халқы :Тұрғыны 1897 жылы 9,3 мың, 1923 жылы 12,5 мың, 1939 жылы
41,5 мың, 1997 жылы 265 мың, 2006 жылы 269 мың адам болды.2007 ж. қаңтардың 1-інде қала әкімшілігі тұрғындарының саны
207,2 мың адам құрады, оның ішінде:Атырау қаласы — 154,1 мың адам;Балықшы кенті — 17,1 мың адам;Жұмыскер кенті — 6,7 мың адам;Ауылдық тұрғындар — 28,2 мың адам.Ұлттық құрамы:Атырау облысында 84 ұлт өкілдері тұрады.Экономикасы:Атыраудағы Марриотт
қонақ үйі2007 ж. қаңтардың 1-інде тіркелген заңды тұлғалар саны
5195-ке жетті, оның 4875-і шағын, 275-і орта, 45-і ірі заңды тұлғалар.2006 ж. 3319,5 мың тонна мұнай өнімі өңделді, одан 493,7 мың
тонна моторлық отын (бензин); 1122,2 мың тонна газойл; 1389,9 мың тонна отындық
мазут; 123,6 мың тонна мұнайлы кокс алынды. Электр қуатын өндіру 1442,9 мл
...
Читать дальше »
Просмотров:
21160
|
Добавил:
надюша
|
Дата:
18.07.2012
|
|
1798 жылдың 11 желтоқсанындағы Патша жарлығымен Гурьев
қаласы Орал әскери басшылығының қарауына беріледі.1869 жылдан бастап Астрахан-Гурьев арасында жүк тасушы
кемелер қатынаса бастаған. 1883 жылы қалада орыс шіркеуі-Успен соборы
тұрғызылған. 1901 жылы қалада денсаулық сақтау орындары - екі шағын ғимарат
тұрғызылған. 1909 жылдан Гурьев қаласында алғашқы мұнайшы шет ел өкілдері келе
бастаған. "Ағайынды Лемандар" қоғамынан мұнай ұңғыларын сатып алған,
ағылшын «Шелл» компаниясы қалада өзінің шеберханаларын ашқан.1919 жылдың 27 желтоқсанында өткен Халық Комиссарлары
Кеңесінің отырысында В.И.Ленин Ембі мұнайын Гурьев арқылы Орал және Астрахан
қалаларына тасымалдау мәселесін қояды. Қалада механикалық шеберхана, тері
зауыты, тері-қайыс бұйымдарын илеу,пішу,дайындау,тігу
шеберханасы,диірмен,баспахана,ағаш-ұсталық шеберхана,кірпіш күйдіретін
зауыт,керосин және әк даярлайтын зауыттары жұмыс жасай бастаған. 1923 жылдың 25
қаң
...
Читать дальше »
Просмотров:
1742
|
Добавил:
надюша
|
Дата:
18.07.2012
|
|
Жайық бойындағы тас қала-қамалдың құрылысы 15 жылдан соң,
1662 жылы аяқталып,Гурьевтердің үлкен қаржылық шығынына шығады.ХVІІ ғасырдың
аяғына таман және ХVІІІ ғасырдың басынан бастап, тас қала-қамалы ірі шекаралық
қамалға айналады.Қала қамалының 8 мұнарасында 17 зеңбірек және жер асты
қоймаларында мол мөлшерде жарылғыш,атылғыш дәрі-дәрмектер болады. Қала ұлғая
келе патша үкіметінің қорған-қамалына, жергілікті халықтың тыныс-тірлігін
бақылап отыру бекінісіне айналады. 1668 жылы патша әскерінен шегінген Степан Разин
осында келіп қыстаған. Патшаға жаққан қыстағы үшін 1679 жылы осы жерді ғұмыр
бойы мекендеп, кәсіп ету үшін Гурьевтер әулетіне басыбайлы берілген, қазақтар
«Үйшік» деп атап кеткен мекен, осыдан соң Гурьев қаласы атанған. Мұның
дәлеліндей жерлес ақынымыз Б.Аманшин өз өлеңінде:
...
Читать дальше »
Просмотров:
825
|
Добавил:
надюша
|
Дата:
18.07.2012
|
|
ХVІІІ ғасырда моңғол шапқыншылары Каспий маңын жаулап алып,
Төменгі Еділ бойында жаңа Алтын Орда мемлекетін құрған. Олардың қарауына Жайық
өзенінің бойы да қараған. Бұл өлкеде моңғолдар ХІІІ-ХІV ғасырлар бойы, ал
XV-XVI ғасырлар бойы ноғайлар үстемдік еткен. Ноғайлардың үстемдіктерінің одан
әрмен өрістеуіне Еділ мен Жайық өзендері аралықтарына келіп қоныс тепкен
көшпелі қалмақтар бөгеттік жасаған.1520 жылдан Жайық бойына қоныс аударған орыс
қазақтары да олардың сауда керуендерін тонап, өздеріне шабуылдар жасап, маза
бермеген. Қоныстанушы орыс қазақтары мекен теуіп,қамал-қорған салып, балық
аулап, онымен сауда жасай бастаған.1580 жылы орыс қазақтары Алтын Орданың Жайық өзенінің бойына
орналасқан соңғы қаласы Сарайшыққа өзен бойымен жүзіп келіп, басып кіріп,
қаланы тонап, содан соң түгелдей өртеген. Сол уақыттан бастап орыс қазақтары
бұл жерге өз иеліктерін орнатқан.1586 жылы о
...
Читать дальше »
Просмотров:
1499
|
Добавил:
надюша
|
Дата:
18.07.2012
|
| |