Блог
08:15 Атырау тарихы 2 |
ХVІІІ ғасырда моңғол шапқыншылары Каспий маңын жаулап алып, Төменгі Еділ бойында жаңа Алтын Орда мемлекетін құрған. Олардың қарауына Жайық өзенінің бойы да қараған. Бұл өлкеде моңғолдар ХІІІ-ХІV ғасырлар бойы, ал XV-XVI ғасырлар бойы ноғайлар үстемдік еткен. Ноғайлардың үстемдіктерінің одан әрмен өрістеуіне Еділ мен Жайық өзендері аралықтарына келіп қоныс тепкен көшпелі қалмақтар бөгеттік жасаған.1520 жылдан Жайық бойына қоныс аударған орыс қазақтары да олардың сауда керуендерін тонап, өздеріне шабуылдар жасап, маза бермеген. Қоныстанушы орыс қазақтары мекен теуіп,қамал-қорған салып, балық аулап, онымен сауда жасай бастаған.1580 жылы орыс қазақтары Алтын Орданың Жайық өзенінің бойына орналасқан соңғы қаласы Сарайшыққа өзен бойымен жүзіп келіп, басып кіріп, қаланы тонап, содан соң түгелдей өртеген. Сол уақыттан бастап орыс қазақтары бұл жерге өз иеліктерін орнатқан.1586 жылы орыс қазақтары өзен бойында Қос Жайық (Кош Яик) қалашығын тұрғызған. Оған ноғайлар қаншама рет қарақшылық шабуылдар жасаса да, қаланы ала алмаған. Жайық өзені мен Каспий теңізі арқылы теңіз және сауда керуендері сол уақыттан бастап жүре бастаған. ХVІ ғасырдың бірінші ширегінен бастап , Жайық-Каспий жағалауына Ресей патшасы өкіметінің саясатына шыдамаған және патша үкіметін мойындағысы келмеген қашқын орыс еріктілері, күнкөріс іздеген крепостной шаруалар, қылмыстық элементтерден тұратын Волга бойы қазақтары келіп қоныс тебе бастаған. Олар келе сала өз кәсіпшіліктерін ашып,балық аулау, балық тұздау қостарын ұйымдастырып, жатар тұрақ орындарын тұрғызады. Сол уақыттан бастап тұрғызылған тұрақтар «Үйшік» атанып кеткен, өйткені, олар уақытша тұрақ ретінде тұрғызылған.оныстанушылардың саны күн санап өсіп, өз иеліктерін қолайлы пайдалана және ұлғайта отырып, орыс патшасына дұрыс қызмет көрсете бастаған. Солардың арқасында Мәскеу мемлекетінің шекарасы кеңейіп, Жайыққа дейін құлашын жая түскен.Орыс патшасы өзінің Атырау аймағына толық қожалығын жасау және Жайық пен Каспий арқылы сауда керуендерін Орта Азия елдеріне қатынастыру мақсатында, Жайық бойында бекініс тұрғызуды ұйғарады. Жайық бойына арнайы мамандар тобын жіберіп, аймақты зерттетіп,болашақ құрылыстың қаржылық шығындарын жасатады.Алғашқы жоба бойынша бекініс салу үшін 244 сом күміс ақша және көптеген адам күші қажет болады. Жолдың шалғайлығы, құрылыс материалдарының тапшылығы және басқа да қиындықтар, жұмыс қолының жоқтығы, әрі құрылыстың қаржылық қымбатқа түсерін есептей келе, патша үкіметі бұл жоспардан бас тартқан.Мәскеу айналасына бірігудің нәтижесінде ХV- ХVІ ғасырларда орталықтанған орыс мемлекеті қалыптасты. Орыс мемлекетінің құрылуы елдің өндіргіш күштерін дамытып, қолөнер, ішкі және сыртқы сауданы өрістетті. Орыс қолөнері мен мануфактурасының өнімдері ішкі базарларға ғана емес, сыртқы нарыққа да көптеп шығарылды. Алайда, өндіргіш күштердің одан әрі дамуы теңізге шығатын жолдың болмауынан үнемі кедергі көріп отырды.ХVІІ ғасыр Ресей тарихында «жаңа кезең» атанды. Оның мәні бұл кезеңде мануфактураның дамуы, еңбек бөлігінің барған сайын күрделенуі және сауданың өсуі, дүниежүзілік рынокта бәсекелестіктің күшеюі, Мәскеу мемлекетін алаңсыз отырғыза алмады. Швед-поляк интервенциясының шабуылы Ресейдің Батыс Еуропа елдерімен жасалатын сауда рыногінен айырды, Қара теңіздегі сауда жолы түрік сұлтандарының қол астында болды.Еуропаға қатынасатын сауда жолының Архангельск арқылы өтуі қиындықтар туғызды. Себебі,жері шалғай, қыста су жолы бірнеше ай қатып қалатындықтан, қатынас үзіліп отырды.Осындай себептер Мәскеуліктерге тиімді сауда жолы тек Жайық өзенінің Каспий теңізіне құйылатын сағасына қоныс тебу қажет екенін айқындата түсті. Оған қоса бұл аймақта балық кәсіпшілігін ашып,қала (бекініс) салу, сауда қатынастарын шетелдермен еркін жүргізу патша өкіметінің басты назарына көшті. Жайық-Каспий жолы Азия елдерімен басқа да елдерге жол ашатын «әрі қақпа,әрі кілт» болатынына көзі жеткен патша өкіметі,ХVІІ ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында Ярославлдық көпес, бай саудагер Гурьевтер әулетіне Жайық бойында балық кәсіпшілігін ашуға және бекініс тұрғызуға рұқсат қағазын береді.Уикипедия мәліметі
|
|
Всего комментариев: 0 | |