Блог
08:30 Атырау тарихы 4 |
1798 жылдың 11 желтоқсанындағы Патша жарлығымен Гурьев қаласы Орал әскери басшылығының қарауына беріледі.1869 жылдан бастап Астрахан-Гурьев арасында жүк тасушы кемелер қатынаса бастаған. 1883 жылы қалада орыс шіркеуі-Успен соборы тұрғызылған. 1901 жылы қалада денсаулық сақтау орындары - екі шағын ғимарат тұрғызылған. 1909 жылдан Гурьев қаласында алғашқы мұнайшы шет ел өкілдері келе бастаған. "Ағайынды Лемандар" қоғамынан мұнай ұңғыларын сатып алған, ағылшын «Шелл» компаниясы қалада өзінің шеберханаларын ашқан.1919 жылдың 27 желтоқсанында өткен Халық Комиссарлары Кеңесінің отырысында В.И.Ленин Ембі мұнайын Гурьев арқылы Орал және Астрахан қалаларына тасымалдау мәселесін қояды. Қалада механикалық шеберхана, тері зауыты, тері-қайыс бұйымдарын илеу,пішу,дайындау,тігу шеберханасы,диірмен,баспахана,ағаш-ұсталық шеберхана,кірпіш күйдіретін зауыт,керосин және әк даярлайтын зауыттары жұмыс жасай бастаған. 1923 жылдың 25 қаңтарынан бастап қазақ тілінде «Ерік» газеті шыға бастаған. 1936 жылы тұрақты Гурьев-Калмыково-Орал-Ақтөбе-Жетіқара-Денисовка-Қостанай бағытында әуе жолы қатынасы ашылған.Қала тұрғындары кинотеатрдан қазақ киносының алғашқы туындысы «Амангелді» атты киносын көріп тамашалаған.Халық ағарту салаларының оқу орындары негізінен қала басында шоғырланған.1929 жылы ашылған Гурьев мұғалімдер техникумы, 1937 жылы педагогика училищесі атанса, кейін мақсатын өзгертіп Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжі атанып мәдениет-өнер салалары мамандарын даярлайды. 1963 жылдың қаңтарында қалада жылу-электр жүйесінің құрылысы аяқталып,тұрақты пайдалануға берілді.1965 жылдың шілде айынан Гурьев мұнай өңдеу зауытына Өзен мұнайы келді.1969 жылдың наурызында Гурьев химия зауыты полиэтилен өнімін шығара бастады. Жайық өзенінің жағалауларын темір бетон құрсауларымен бекіту жұмысы басталып, қалада тәулігіне 60 тонна нан өнімдерін шығаратын жаңа нан заводы пайдалануға берілді..Облыс және қала тұрғындарының мәдени-рухани дамуына М.Өтемісов атындағы облыстық драма театры, Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония, Д.Нұрпейісова және Құрманғазы Сағырбаев атындағы Мәдениет сарайлары, Д.Нұрпейісова атындағы Ұлттық аспаптар оркестрі, «Атырау-Жайық», «Нарын» фольклорлық және басқа да ансамбльдер өз үлестерін қосып, шеберліктерімен көрініп жүр. Облыстық тарихи өлкетану және өнер мұражайларының да ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты насихаттауда еңбектері зор. Жаңа экспозициялар, көрмелер ұйымдастырып көрермендер көңілінен шығуда. Қала тұрғындарына әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыздандыруда «Өнерпаз» тұрмыстық және «Маржан» сән үйлері, «Дина», «Насиха», «Сауран», «Көктем», «Мерей» және т.б. сауда орталықтары қызметтерін көрсетуде.Қала қонақтарын жайлы орынға орналастыруда бірнеше қонақ үйлері бос уақыттарын көңілді өткізіп, қонақжай дәм-тұздарын жайып қарсы алатын «Ақ Жайық», «Алладин», «Жайық толқындары», «Ақ Орда», «Ақ босаға», «Нәрлі», «Нұрдәулет» және т.б. көптеген мейрамханалар өз қызметтерін ұсынуда. ХХІ ғасырдың басынан бастап қала басындағы құрылыс қызметінің жыл санап,көлемі өсіп, салынған тұрғын үйлер мен әкімшіліктік ғимараттар саны көбеюде соның ішінде көп қабатты ғимараттар саны да күн санап өсуде. Күні кеше қалада ең биік ғимарат 9 қабат болса, енді қала ішінде 16, 22 қабатты үйлер мен ғимараттар бой көтерді.Уикипедия мәліметі
|
|
Всего комментариев: 0 | |