Блог

Главная » 2012 » Июль » 18 » Атырау тарихы 5
09:00
Атырау тарихы 5

Әкімшілік бөлінуі :Қалаға бағынышты Балықшы кенті мен Жұмыскер кенті, бұрыңғы Балықшы ауданы 1990 жж. ортасында қалаға қосылғасын, ауылды мекендер де бар.Халқы :Тұрғыны 1897 жылы 9,3 мың, 1923 жылы 12,5 мың, 1939 жылы 41,5 мың, 1997 жылы 265 мың, 2006 жылы 269 мың адам болды.2007 ж. қаңтардың 1-інде қала әкімшілігі тұрғындарының саны 207,2 мың адам құрады, оның ішінде:Атырау қаласы — 154,1 мың адам;Балықшы кенті — 17,1 мың адам;Жұмыскер кенті — 6,7 мың адам;Ауылдық тұрғындар — 28,2 мың адам.Ұлттық құрамы:Атырау облысында 84 ұлт өкілдері тұрады.Экономикасы:Атыраудағы Марриотт қонақ үйі2007 ж. қаңтардың 1-інде тіркелген заңды тұлғалар саны 5195-ке жетті, оның 4875-і шағын, 275-і орта, 45-і ірі заңды тұлғалар.2006 ж. 3319,5 мың тонна мұнай өнімі өңделді, одан 493,7 мың тонна моторлық отын (бензин); 1122,2 мың тонна газойл; 1389,9 мың тонна отындық мазут; 123,6 мың тонна мұнайлы кокс алынды. Электр қуатын өндіру 1442,9 млн кВт/сағ; жылу қуаты — 1624,4 мың кКал құрады.Негізгі тамақ өнімдерінен: 18 тонна шұжық; 5784 тонна қалбырланған балық; 323 тонна өңделген сұйық сүт пен кілегей; 7370 тонна жаңа піскен нан өндірілді.Атырау қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына «Қазмұнайгаз» ӨФ-ы, «Атырау мұнай өңдеу зауыты», «Қазтрансойл», «Атыраубалық», «Заман групп», ЖШС-рі, «Атырау жарық», «Облтрансгаз», «Атыраусушар», «Атырау су арнасы», т.б. мекемелер ауқымды үлестерін қосуда.Өнеркәсібі:Қала өнеркәсібінің басты саласы – мұнай мен химия өндірісі. Мұнай айыру, полиэтилен, машина жасау, металл өңдеу, кеме жөндеу, балық құтылау, басқа да тамақ, жеңіл өнеркәсіп орындары бар.Атырау облысы үлкен кәсіпорындық және ауылшаруашылығының орталығы. Облыстың жер қойнауында қалың шөгінді қабаттармен байланысқан әр түрлі пайдалы қазындылар мол. Олардың ішінде қоры аса бай әрі негізгісі мұнай болып табылады. Атырау өңірінде мұнай өндіру тарихы 1899 жылдан басталады.Сауда-саттық.Туризм .МәдениетіМұнда мұнай өнеркәсібінің жобалау институты, мұнай және табиғи тұздар ғылыми-зерттеу институты, университет, драма театры, филармония, орта арнаулы оқу орындары, жалпы білім беретін, музыкалық, спорт мектептері, мұнай айыру зауытының мәдениет үйі, кітапханалар, кинотеатрлар, мәдениет және демалыс паркі, қонақ үйлер, бала бақшалары, медициналық мекемелер жұмыс істейді.Білім жүйесі:Жалпы білім беретін мектеп саны — 68;Мектепке дейінгі мекеме саны — 25;Жоғарғы оқу орны — 4;Орта арнаулы оқу орны — 11.Жоғары оқу орындарыАтырау қаласындағы Исатай мен Махамбет алаңы Атырау мұнай және газ институты Атырау Педагогика Институты Атырау университеті Каспий маңының қазіргі заманғы колледжі (ПСК) Атырау аграрлы техникалық колледжі Атырау бизнес және құқық колледжі БАҚ: Газет-журналдары Прикаспийская коммуна Апталық «Ақ Жайық» газеті «Атырау» газеті Жарнамалық «Market Street» журналы Архитектурасы: Атырау архитектуралық құрылысы жағынан үшке бөлінеді. Жайықтың оң жағасындағы ескі қалада негізінен 20 ғасырдың басында салынған бір қабатты ағаш және кірпіш үйлер кездеседі. Орталық бөлігінде екі қабатты тас үйлер, 4 – 5 қабатты тұрғын үйлер мен мекеме жайлары бар. Өзеннің сол жағалауында кеңес өкіметі жылдары «Ембімұнай» кенті мен мұнай айыру зауытының қалашығы пайда болды. Жайыққа салынған көпір (1965) Еуропа мен Азия құрлықтарында жатқан қаланың екі бөлігін байланыстырады. Қаланың назар аударарлық орындары  Иманғали мешіті Успен шіркеуі Құрманғазы Сағырбайұлы ескерткіші Бейбарыс сұлтан ескерткіші Облыстық мұражай Хиуаз Доспанова ескерткіші Исатай-Махамбет ескерткіші Уикипедия мәліметі 

Просмотров: 21164 | Добавил: надюша | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: